Бір жерге барғанда көлігіңізді қоятын орын таппай, қандай да бір кафе немесе мейрамхана орналасқан жолдың бойына көлігіңізді қояйын деп жатырсаңыз, "тек біздің клиенттерге арналған" деген тақтайша көруіңіз мүмкін немесе күзетші келіп, көлігіңізді қоюға рұқсат жоқ екенін айтуы мүмкін. Олардың бұл әрекеті заңды ма? Бұл жайлы заңгер Дүйсенғали Мухамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір қай қалада, қай өңірде жүрсеңіз де, мысалы, мекемелерге баруыңыз мүмкін. Ол кафе, мейрамхана, асхана немесе жеке кәсіпкерлердің меншігі болуы мүмкін. Олардың алдына көлігіңізді қояйын деп жатырсаңыз, "тек қана біздің клиенттерге арналған", "бөгделерге қоюға болмайды, ол айыппұлмен жазаланады" деп алдырып тастауы мүмкін. Бірақ олардың әрекеттері заңсыз. Себебі бізде ҚР ӘҚБК 136-шы бабына сәйкес "Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу" туралы бап қарастырылған. Яғни, бұл жеке тұлғаларға қатысты 70 АЕК-ге дейін, ал заңды тұлғаларға қатысты 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға құқығыңыз бар", - деп түсіндірді заңгер.
Жолда қандай ережелер жиі бұзылады? Аға инспектормен сұхбат