Ақмола облысы Целиноград ауданында үш бала өрттен қаза тапты. Өрт Қошқарбаев ауылындағы жеке үйден шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер екі жасар бала мен алты жасар қыздың денесін алып шыққан. Олар өрт ішінде қаза тапқан. Ал үшінші бала кейінірек үйінді астынан табылды.
"Небәрі 6 айлық бала құтқарылды, ол дәрілерге тапсырылды", - делінген басылым мәліметінде.
Ақмола облысының өртсөндірушілеріне екі арнайы көлікпен 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланғаны хабарланды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көлік сатып аларда қалай тексеру керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!