Көлік қозғалысы кезінде тежегіштердің шиқылдауы жүргізушілерді алаңдатуы мүмкін, өйткені бұл тежегіш жүйесінде ақау барын көрсетуі ықтимал. Шиқылдың себебін қалай анықтап, оны түзетуге болады?Massaget.kz тілшісінен пайдалы кеңес.
Авто сарапшылар тежегіштердің шиқылдауының жиі кездесетін себептерін атады.
Бұл факторлар шиқыл туғызуы мүмкін, бірақ олардың барлығы жүйенің күрделі ақауын білдірмейді.
"Тежегіштердің шиқылдауын жою үшін, себебіне байланысты әртүрлі әдістер қолданылады. Егер төсемдер жақында ауыстырылған болса, шамамен 200 шақырым жүргеннен кейін шиқыл өздігінен жойылуы мүмкін. Ал төсемдер ұзақ уақыт ауыстырылмаса, олардың жағдайын тексерген жөн. Төсем қалыңдығы 4 миллиметрден аз болса, шиқыл пайда болуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Сонымен қатар жұмыс беттерін тексеріп, бөгде бөлшектер (мысалы, құм) бар-жоғын анықтау қажет. Қажет болған жағдайда төсемді тазалау немесе өңдеу ұсынылады. Кей жағдайларда тежегіш механизмдерін алдын ала қызметтен өткізіп, бағыттаушылар мен төсемдердің суппортпен жанасатын жерлерін майлау керек.
"Бұл үшін арнайы майларды қолдану маңызды, себебі литол немесе графитті майлар жарамсыз. Егер майлау көмектеспесе, төсемдерді толығымен ауыстыру қажет болуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Егер тежегіш жүйесін өз бетіңізше жөндеуде тәжірибеңіз болмаса, мамандарға жүгінуді ұсынамыз. Олар шиқылдың себебін анықтап, қажетті жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Бұдан бөлек, қыста автокондиционерді қолдану тек жайлылық үшін ғана емес, қауіпсіздік пен жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін де маңызды екен. Толығырақ сілтемеде.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!