Бүгін күздің басты оқиғасы Ethnotronica Almaty фестивалі өтеді. Жеке орындаушылар арасында Қазақстан атынан Layla-Qobuz және Nuketai мен Айжан Бектұрғанова өнер көрсетеді.
Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күніне орай Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте сағат 19.00-де қаланың басты open-air-алаңы - Абай даңғылындағы Республика сарайының алдында өтеді. Кіру тегін.
Layla - Qobyz (Ләйлә Тәжібаева) - академиялық музыка және эстрада саласында көп жылдық тәжірибесі бар қобызшы. Ұлттық аспапта ойнай отырып, ол фолкпен қатар, Queen, Aerosmith және Nirvana-ның хиттерін орындау арқылы, оның дыбысын әртараптандыруды дұрыс көрді. Өз арманын жүзеге асыру және басқа қобызшылардың әлемдік аудиторияға шығуына көмектесу үшін ол электр-қобызды жасаумен айналысты.
"Қымбатты достар! Мен Layla-Qobyz-бын. Сіздерді 10 қыркүйекте сағат 19.00-де Абай алаңында өтетін Ethnotronica Almaty фестиваліне шақырамын! Келіңіздер, тыңдаңыздар, тамаша болады!",- деді ол видео хабарламасында.
Nuketai (Нұрболсын Төлеухан) - Дүниежүзілік джаз қауымдастығының мүшесі (АҚШ, Жаңа Орлеан), Халықаралық "Шабыт" байқауында Гран-при иегері, Үнді симфониялық оркестрінің мүшесі. Сондай-ақ, ол Satzhan Project шығармашылық ұжымында өнер көрсетіп, Nuketai Brass Band үрмелі оркестрін басқарады.
"Құрметті Қазақ елі! 10 қыркүйекте сағат 19.00-де Абай атындағы алаңда, ең әдемі Алматы қаласында өтетін Ethnotronica Almaty фестиваліне келіңіздер. Мұндай ешқашан болмаған! Біз қазақстандық диджейлерменбірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген тамаша әрі талантты музыканттармен қосылып, өнер көрсетеміз. Келіңіз, тыңдаңыз және ләззат алыңыз!"- деді ол.
Ethnotronica Almaty - бұл технология мен музыка тоғысында құрылған шоу. Оған сондай-ақ World music жанрының өкілдері Жомбор Фехер (Венгрия), Радик Тюлюш (Тыва), Чылтыс Таннагашева (тау Шориясы), Simi триосы (Грузия), Abbos топтары (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан) сияқты жарқын орындаушылары мен ұжымдары, қазақстандық электрон сахна әртістері: Нариман Исенов AlmaLogic жобасымен, Kokonja, Edige, Ruus және Layla-Qobyz (Қазақстан) жеке музыканттары, Nuketai және Айжан Бектұрған (Қазақстан) өнер көрсетеді.
Музыкалық бағдарлама фестиваль үшін арнайы жасалады және этника мотивтері электрон дыбыспен үйлесетін XXI ғасырдың дыбысын ұсынады. Заманауи музыка тілі мен технология бір-бірін байытып, бір-біріне әсер етеді. Музыканттарды іздеу жаңа гаджеттер мен функционалдылықтың пайда болуына әкеледі, ал технология музыканы жаңа жолмен жасауға мүмкіндік береді.
"Біз Ethnotronica Almaty үшін арнайы музыкалық бағдарлама дайындадық, бүгін тыңдайтын барлық ән бірінші рет орындалады! Шоу үш сағатқа созылады, сондықтан ыңғайлы болу үшін өзіңізбен бірге жылы киім алып келуді ұмытпаңыз, кешке салқын болуы мүмкін. Ашық фуд-кортта тамақ ішуге болады. Сонымен қатар біздің бас серіктесіміз Magnum Cash & Carry жаңартылған қосымшасының тұсаукесерін дайындады, оны сіз алғашқылардың бірі болып жүктей аласыз. Біз сіздерді күтеміз!", - дейді ұйымдастырушылар.
Шоу Tengri TV және The Spirit of Tengri ресми YouTube-арналарында онлайн көрсетіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!