Оралда дәмхананың ашылуында тамақ үшін кезекті талас болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәмхананың ашылу салтанатына блогерлер келген және көп адам жиналған. Алайда әдеттегідей адамдар балалардың барына қарамастан, бір-бірін итеріп, тапаған.
Желіде тараған видеодан "Zheka" лақап атымен танымал блогер - Жеңіс Омаровтың адамдарға айқайлап жатырғанын байқауға болады.
"Тыңдаңдаршы. Тоқтаңдаршы. Артқа қарай. Қойыңдаршы деймін. Артқа қарай жылжыңдаршы. Мына жерде балаға қиын болып жатыр. Артқа тұршы. Қысылып жатыр", - дейді видеода блогер.
Видеодан сахнада жылап тұрған кішкентай қызды да байқауға болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!