- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тегін істейді". Түркістан...
"Тегін істейді". Түркістан облысының әкімі Нұрлан Қоянбаевты неге кеңесшісі етіп таңдағанын айтты
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаевты неге штаттан тыс кеңесшісі етіп тағайындағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Штаттан тыс кеңесші. Оған ешқандай айлық төленбейді. Қаржы бөлінбейді. Қайта біз оның тәжірибесін пайдаланып, істеп отырмыз", - деді әкім.
Дархан Сатыбалды сонымен бірге Нұрлан Қоянбаев өңірдегі нақты қандай мәселерді шешуге көмектесетінін де айтты.
"Туристерді тарту үшін, креатив индустрия деп жатырмыз, соны дамыту үшін. Қазір сондай бір орталық ашып жатырмыз, соған өзінің кеңестерін береді. Тәжірибесі бар жігіт, неге тартпасқа? Түркістанға кім пайдасын әкелсе, бәрімен жұмыс істеймін", - деді Түркістан облысының әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан