Бүгінгі таңда кәсіпкер болу оңай ма? Күннен күнге азаматтардың көбі өз бизнесін ашу туралы ойға келуде. Адамдар еркін жұмыс кестесі, қомақты табыс, шығармашылық тұрғыда дамуды армандайды. Алайда, нәтижеге бір күнде қол жеткізу мүмкін емес, ол бастапқы туындаған идеяның әлеуетіне де байланысты болады. Көптеген жағдайда кәсіпкерлердің өз ісін бастаудағы әрекеті заңнама нормаларын дұрыс меңгермеуі, қаржы жөніндегі білімінің жеткіліксіз болуы салдарынан жүзеге аспай жатады.
Алайда шешім - жеке бизнес-құзыреттілікті іске қосу. Дәл осы мүмкіндік Қазақстан бойынша мыңдаған кәсіпкерге қолжетімді болады. АТФБанк Республикалық Кәсіпкерлерге Қолдау көрсету Орталығымен бірлесе отырып 13 қаңтардан бастап 20 ақпанға дейінгі уақытта бизнес-турды ұйымдастырып отыр. Ауқымы бойынша үлкен бұл жоба ШОБ кәсіпкерлеріне бағытталған. Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 15 мыңнан кем болмайды деп болжауда, ал олармен кездесулер 32 қалада жоспарланып қойған.
Өңірлік кәсіпкерлермен барлық кездесулердегі негізгі спикер - Дмитрий Казанцев. Ол РКҚО қосалқы негізін қалаушы және Кәсіпкерлер және бухгалтерлер қауымдастығының президенті.
Дмитрий Казанцевтің айтуынша, АТФБанкпен серіктестікте оның жыл сайынғы сыртқа шығып өткізетін «Салықтар туралы қарапайым тілмен» конференциясы туралы оның идеясы өзінің логикалық жалғасын тауып қана қоймай, дамуға мүмкіндік алды. Осы жылы кәсіпкерлер 2020 жылғы салық салудағы жаңалықтармен ғана танысып қоймай, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік үшін дәстүрлі түрде қажет маңызды сұрақтар қатарынан табылатын басқа да қаржылық тақырыптағы мәселелер жөнінде де білетін болады. АТФБанк тарапынан сарапшылар аз мерзім ішінде және минималды құжаттар пакетімен бизнес-жобалар бойынша қаржыға қалай қол жеткізуге болатындығы, мемлекеттік ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен кредитті қалай алуға болатындығы, банктік өнімдер және т.б. туралы айтып береді.
Жобаны алып жүрудегі АТФБанк және РКҚО серіктестік құруы кездейсоқ емес, екі ұйымның да қызметі қазақстандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету болып табылады. Егер РКҚО өзін жоғары кәсіби тұрғыдағы консалтингтік компания ретінде танытса, ал АТФБанктің басты стратегиясының бірі - ШОБ-пен қаржылық ынтымақтастықта болу. Банк командасы бүкіл Қазақстан бойынша 70 мыңнан астам кәсіпкердің сенімінен шығып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық сарапшылардың назарынан да тыс қалмады, 2019 жылдың қорытындысы бойынша беделді басылым Asiamoney АТФБанкті Best Bank for SMEs номинациясында - "Шағын және орта бизнес үшін үздік банк" марапатына лайық деп таныды.
Іс-шараға барлық кәсіпкерлер ақысыз түрде қатыса алады.
Серіктес материалы