Сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы негізгі анализдерді тапсырып қана қоймай, қымбат операцияларды да жасата алады. Медқызметтерді мемлекеттік қана емес, Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін жекеменшік клиникалар да көрсетеді.
МСҚ Алматы филиалы таратқан хабарлама бойынша, заң бойынша пациенттер медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Егер емхана таңдау барысында тұрғылықты аудан аумағындағы БМСК нысандарының бірін таңдауға болатын болса, жоғары технологиялы ота түрлерін республикалық деңгейдегі емдеу мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен ірі жекеменшік клиникалар базасында жасатуға болады.
Емхана (бастапқы-медициналық санитарлық көмек ұйымын) таңдау
Пациент бағдарына сәйкес, МӘМС пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін міндетті түрде емханаға тіркелу қажет. Алматы қаласында МСҚ-мен 76 емхана келісімшарт бекіткен. Оның 35-і - жекеменшік.
Мысалы, жұмыс бабымен Алматыға көшіп келсеңіз емханаға ЭЦҚ көмегімен www.egov.kz электронды үкімет порталы арқылы тіркеле аласыз. Ол үшін "Денсаулық сақтау" бөліміндегі "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу" қызметін таңдау қажет. Тіркелетін емханалар тізімімен fms.kz сайты арқылы танысуға болады.
Консультативтік-диагностикалық көмек ұйымын таңдау құқығы
Қолданыстағы ережеге сәйкес, консультативтік-диагностикалық қызметті күту мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Егер емхана маман жоқтығы немесе кезекте тұрғандардың көптігіне байланысты белгілі бір қызметті көрсете алмайтын болса, пациентке қосымша келісімшарт негізінде өзге емдеу жолдама беруге міндетті. Сонымен қатар, МӘМС пакетіне кіретін қызмет түрлерінен өту үшін диагностикалық орталықтарға жолдама алуға болады.
Мысалы, денсаулығыңызға байланысты миға МРТ жасау қажет болса қаладағы МРТ жасайтын орталықтардың бірін таңдай аласыз:
• "Қазақ ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ
• "№7 Қалалық клиникалық аурухана" МҚК
• "Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы" МҚК
• "Алматы онкологиялық орталығы" МҚК
• "№2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы" КМК
• "Centre Nova Diagnostic" ЖШС
• "MGM-STAN" ЖШС
• "Orhun Medical" ЖШС
• "Инвиво ВДП" ЖШС
• "Сұңқар" медициналық компаниясы" ЖШС
• "Аймақтық диагностикалық орталық" ЖШС
• "ЭКСПЕРТ диагностик" ЖШС
• "ХАК" медициналық орталығы" ЖШС
• "Burc Medical" ЖШС
• "№5 Қалалық клиникалық аурухана" МҚК
• "Medical Solution" ЖШС
• "Aspan Diagnostic" ЖШС
• "EMIRMED" медициналық орталығы" ЖШС
• "№32 қалалық емхана" ҚМК
Толық тізіммен МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы танысуға болады.
Жоғары технологиялық қызмет көрсететін клиниканы таңдау құқығы
Филиал мәліметінше, сақтандырылған азаматтар, соның ішінде өзге аймақтардың тұрғындары да қалалық стационарларда, республикалық институттарда ем-дом қабылдай алады. Ол үшін емхана арқылы "Ауруханаға жатқызу бюросы" порталына тіркелу қажет. Көрсетілетін қызметтер арасында буын алмастыру, есту қабілеті нашарлаған жағдайда кохлеарлы имплант орнату, инсульттен кейінгі оңалту, ЭКО сынды т.б. қызметтер бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!