- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- тегін дәрі
Тегін дәрі-дәрмекке 500 млрд теңге бөлінді - Денсаулық сақтау министрі
Биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Биыл Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны бір ай бұрын басталды, бұл "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Ақмарал Әлназарова.
Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарының дәрілік заттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет