Бүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", "Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобалары таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының маңызды тұстарына тоқталды.
"2025 жылға түсімдер 21,7 триллион теңге деңгейінде болады. Трансферттерді есептемегенде 2025 жылға арналған кірістер 15,6 триллион теңге немесе түсімдердің 73%-ына тең.
Келесі жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7% деңгейінде болжанады, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,9%-ға дейін төмендейді", - деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, бюджеттің 2025 жылға арналған шығыстары 25,8 триллион теңге болады, яғни биылмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғаяды.
"2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары биылғы жылға қарағанда 794 миллиард теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңге болады. Келесі жылы бюджет шығыстарындағы үлесі – 38%.
Мысалы, 2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге сомасында қарастырылған. Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге және алушылар контингентін ұлғайтуға 626 млрд теңге бағытталады, - деді вице-министр.
Келесі жылы білім беруді дамытуға 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 116 миллиард теңгеге ұлғайған.
Шығыстардың өсуінің негізгі факторлары төмендегідей:
Сондай-ақ қаржының басым бөлігі денсаулық сақтау жүйесіне де бөлінеді. "Денсаулық сақтау жүйесіне 2025-2027 жылдарға арналған шығыстар – 7,6 триллион теңге. Оның ішінде 2025 жылға 2,4 триллион теңге қарастырылған. Бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 133 миллиард теңгеге артық", - деді Абзал Бейсенбекұлы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!