“Тегін ауыстырып алған“: ІІМ ауқымды операция жүргізіп, көші-қон схемаларын әшкереледі

Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында республикадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік ұсталды. Ол бөтен фамилиямен елге қайта кірген.

"Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау арқылы шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін ұйымдастырған топ ұсталды. Күдіктілерден көліктер, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар, флэш карталар, медициналық мекемелердің мөрлері тәркіленді. Негізгі ұйымдастырушылар сот санкциясымен қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл деректерге қатысты Қылмыстық кодекстің 392-бабы және 394-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!