Тегеран Израильмен бітімгершілік шартын атады

Тегеран Израильмен бітімгершілік шартын атады
Фото: depositphotos.com

Израиль сейсенбіде (Астана уақыты бойынша 5:30) Тегеран уақыты бойынша 4:00-ге дейін соққыны тоқтатса, Иран жауап қайтаруды тоқтатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы 24 маусымда Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи Х желісінде жазды.

"Қазір атысты немесе соғыс қимылдарын тоқтату туралы "келісім" жоқ. Израиль режимі Иран халқына қарсы заңсыз агрессиясын Тегеран уақыты бойынша сағат 4:00-ден кешіктірмей тоқтатқан жағдайда біз өз әрекеттерімізді жалғастыруға ниет білдірмейміз", - деп жазды ол.

Министр соғысты Иран емес, Израиль бастағанын мәлімдеді.

"Әскери операцияларымызды тоқтату туралы соңғы шешім кейінірек қабылданады", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget