- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тегі бар барлық...
"Тегі бар барлық адам - АҚШ-тың құлдары". Желіде даулы ақпарат тарады
Instagram-да "тегі бар барлық адам - АҚШ-тың құлдары" деген ақпарат талқыланып жатыр. Онда адамдардың мүлкі, тіпті балалары да осы мемлекетке тиесілі екені, олар заңды түрде қабілетсіз саналатыны айтылады. Бұл – ойдан шығарылған және конспирология, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Басылым мәліметінше, мұндай идеялар шындыққа жанаспайды. Өйткені тараған ақпаратта әрбір туған адамның атына Ватикан банктерінде шот ашылатыны және бұл шотта адамның туған кездегі салмағына тең алтын болатыны айтылады. Алайда бұл байлықты алу мүмкін емес, өйткені мемлекеттер адамдарды заңды түрде "өлтіреді". Яғни оларға төлқұжат беріп, жеке тұлғалар деп танып, қабілетсіз етеді.
2022 жылы бұл теория қазақстандықтар арасында кең тарап, Желіде осындай мазмұндағы жазба көп шыға бастады. Қазақстанда АҚШ-тың құлдарының ғана тегі болады деген ақпарат - солардың бірі. Ежелгі Римде де адамдардың тегі болған. Көбіне олар ру, тайпа немесе адамның туған қаласының негізін қалаушының атына байланысты берілді.
Сонымен қатар, АҚШ-та құлдық 1865 жылы ресми түрде жойылды және содан бері заңмен қудаланады. Қазақстан аумағында АҚШ заңдары қолданылмайды әрі ол - өз алдына егемен мемлекет. "Қазақстан отар немесе корпорация" деген теориялар - конспирология. Олар жоққа шығарылады.
Бұр таралған ақпарат та фейк және конспирология. Тегі бар адамдар құл емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова