Актриса Салтанат Бақаева Бота Абдрамановаға берген сұхбатында актерлардың театрда алатын жалақысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол театр төлейтін жалақы актерларға жетпейтінін айтты.
"Актерлар жалпы ақша үшін жұмыс істемейді. Бірақ күнделікті өмірде қажеттілік көп болғандықтан бізге театрдан төленген ақша жетпейді. Құдайға шүкір, театрдан басқа айналысатын ісім болғандықтан менің жолым болды деп айтар едім. Негізі бұл театр үшін кемшілік болуы мүмкін. Себебі сол жаққа көбірек алаңдайсың ғой. Дегенмен, театр ұлттық атауын алғаннан кейін актерлардың да жалақысы өсті. Бірақ күні бойы театрда жұмыс істейтін актердің жалақысы - орташа алғанда 400-500 мың шамасында. Мұның барлығын мемлекет төлейді", - деді ол.
Сондай-ақ, ол егер жалақы жақсы төленсе, сапа да жақсаратынын айтып өтті.
"Егер біздің режиссерлар жақсы жалақы алса, театрдың сапасы басқаша болар еді. Біз негізі сапалы, жақсы режиссерларға зәруміз. Әлемдік сахналарда қойылып жүрген заманауи қойылымдар секілді театрда да сондай репертуар болғанын қалаймыз", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз