- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Т.Дүйсенова: 1279 мұнайшы...
Т.Дүйсенова: 1279 мұнайшы әлеуметтік тұрғыдан қорғалды
Мұнай сервис компанияларынан қысқартылған 1279 жұмысшы әлеуметтік тұрғыдан қорғалды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында хабарлады. Оның айтуынша, бұл үдеріс әлі де жалғасын табады. Жұмыссыз қалғандар мемлекеттік қолдауға ие болып, жаңа қызметке орналастырылады. Айта кетейін, тек Атырау облысында биыл – 2490, ал келер жылы 1314 адам қызметінен босатылады. Ал одан кейінгі жылдары мұнайшыларды қысқарту жоспарда жоқ. Бұл шаралар мұнай өндірісінің азаюымен байланысты.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: - 100-ге жуық адам өздері жұмыс тауып орналасты. 325 жұмысшы Жол картасы аясында тұрақты жұмыс тапты. 355-і оқуға жіберілді. Ал 500-ге жуық мұнайшы әлеуметтік қолдауға ие болу үшін құжат жинап, өтініш жазды. Алдағы уақытта «Теңізшевройл» компаниясы жаңа жобаны жүзеге асырады. Түрлі бағытта 20 мың жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.
Дереккөз: 24.kz
Б. Қанатұлы