Тбилисиде жоғалған қазақстандық өлі табылды

Тбилисиде жоғалған қазақстандық өлі табылды
Фото: әлеуметтік желіден

4 тамызда Тбилисиде жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Тбилисиде жоғалып кеткен Қазақстан азаматы - 27 жастағы Шыңғыс Мұсәділовті іздеу жұмыстары аяқталғаны белгілі болды. 4 тамызға қараған түннен бері іздестіріліп жатқан жігіт өлі табылды.

Бұл туралы марқұмның жақындары жергілікті БАҚ-қа хабарлады. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар, бұл ақпаратты Грузияның Қазақстандағы елшілігі растады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget