Тазы қазақы ит тұқымы ретінде әлемде мойындалады. Қазақстан кинологтары одағы оның алғышартын жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан кинологтарының одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали Бельгияның Тюэн қаласына барып, Халықаралық кинология федерациясы (The Fédération Cynologique Internationale) басшылық құрамының өкілі Ив Де Клеркпен кездескен. Жүздесу барысында Қазақстан кинологтар одағының Халықаралық кинология федерациясына мүшелікке өту жөніндегі өтініші ресми тапсырылды. Бұл мәселе енді 21-22 тамызда Женева қаласында өтетін федерацияның бас ассамблеясында шешіледі.
"Тазы мен төбет қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық қауымдастық алдында дәлелдеп, ресми бекіттіру үшін алдымен осы рәсімді орындау шарт. Биыл қайта жасақталған кинологтар одағы сан жыл бойы қордаланып қалған осы проблеманы бірінші кезекте шешуге бел буып отыр", - делінген одақ хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!