- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тазалықшы науқасты тіс...
Тазалықшы науқасты тіс дәрігерімін деп алдап, алдыңғы 4 тісін жайдан жай жұлып тастаған
Ыстамбұлдағы клиниканың тазалықшысы өзін дәрігермін таныстырып, науқастың алдыңғы төрт тісін жайдан жай жұлып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Oddity Central-ға сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, 42 жастағы Хақан Йылдырымның тісі ауырған. Ер адам жеке клиникаға қоңырау шалған. Телефонды тазалықшы Джемал Шенаслан көтеріп, оны кешке жазып қойған. Науқас келгенде, Джемал Шанаслан өзін білікті тіс дәрігері ретінде ғана таныстырып қоймай, университетте сабақ беретінін айтыпты.
Тексерістен кейін тазалықшы науқасқа алдыңғы төрт тісін жұлып тастау керегін айтқан. Таңғалған Йодлер қарсылық білдірген. Алаяқ "тіс дәрігері" ашуланып, "сіз маған жұмысымды үйретіп жатырсыз ба?" деген. Осы сөздерден кейін науқас оған сенген.
Тазалықшы ер адамға анестезия салып, оның алдыңғы төрт тісін жұлып тастап, дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға жібеген. Дәріханадағы маман дәрі-дәрмектерді беруден бас тартқан, өйткені рецептте дәрігердің мөрі болмаған. Осы кезде Йодлер бірнәрсе дұрыс емес екеніне күдіктенеді.
Таңертең клиникаға келгенде ол Шанасланның дәрігер емес екенін біліпті.
Йылдырым сотқа жүгінді, ал кейін ауруханаға жатқызылды. Өйткені оның беті қатты ісініп, көзінің асты көгеріп кеткен.
Сот тазалықшыны дипломсыз адам емдеумен айналысқаны үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырды және жарақаты үшін Йылдырымға өтемақы төлеуге міндеттеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова