"Таза Қазақстан": Астанада ҚХА жастары ағаш отырғызды

"Таза Қазақстан": Астанада ҚХА жастары ағаш отырғызды
Фото: Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған сурет

"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері елордада ағаштар отырғызды, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

ҚХА жастары экоакция акциясы аясында 100-ге жуық шаған мен қарағай көшеттерін отырғызды.

"Бұл акцияға әрбір азамат, қаланың әрбір тұрғыны қатысуы тиіс деп санаймын. Өйткені қалаға жасыл желектер қажет, жалпы қала тіршілігіне қамқорлықпен қарау керек. Біз өз қатысушыларымызды ұсындық", - деді ҚХА жастар қозғалысының қатысушысы Елена Пескорская.

"Бұл қаланың жағдайына өте жақсы әсер етеді, сонымен қатар команданы біріктіреді. Біз бала кезімізден қаланың жай-күйіне қамқорлық жасаймыз, тазалықты сақтаймыз", - деді экоакцияға қатысушы Елизавета Огай.

Белсенділер әр тұрғын экология мен қоршаған ортаны жақсарту туралы ойланып, экоакцияларға қатысуы керек деп санайды.

"Менің ойымша, бұл акция жастарды өздерінен кейінгілерге үлгі етіп көрсетеді. Әркім ағаш отырғызудан бастауы керек деп санаймын. Мұндай қадамды біртіндеп ауқымды жаһандық мәселелерге бұру керек", - деді акцияның тағы бір қатысушысы Алина Нұрғалиева.

Жыл аяғына дейін Астанада 1 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып жатыр.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында белгілі қазақстандық актер Дәурен Серғазин "Жұлдызды патруль" акциясын ұйымдастырды. Акция аясында Дәурен Серғазин тұрғындармен қалаға ұқыпты қараудың және қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Акция аясында актер коммуналдық қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді: оларға шай беріп, өз көмегін ұсынды.

Бұдан басқа, "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында елордалық М. Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясында балаларға экологиялық шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақ аясында мұғалімдер балалармен бірге мектеп ауласында өсетін өсімдіктерден пайдалы көкөніс салаттары мен дәруменді сусын дайындады. Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы және "Астана медресе" колледжінің студенттері "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағында сенбілік өткізді. Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаровтың сөзінше, экоакцияға 60-қа жуық адам қатысты.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz