- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Таза Қазақстан» акциясы:...
«Таза Қазақстан» акциясы: ақтөбеліктер сенбілікке шықты
Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, «Ғашықтар» аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті.
Сенбілікке өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары атсалысты.
Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас «Ғашықтар аллеясындағы» тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.
Бүгінгі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.
Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина