Тайпақ ауылының сәнді байпақтары сұранысқа ие

Тайпақ ауылының сәнді байпақтары сұранысқа ие

Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауылында жүн өнімдерін шығаратын цех жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл цех аудандық іскер әйелдер кеңесі төрайымы Ляна Тұрсынованың бастамасымен "Бір ауыл - бір өнім" жобасы бойынша жұмысын бастаған.

Цех қызметкерлері ауыл тұрғындарынан қой жүнін алады, оны қолмен жуып, тазалайды. Ол жүнді арнайы аппаратпен түтеді. Кейін жүннен киіз басып, аяқкиім (байпақ, тәпішке), кәдесый, өзге де бұйымдар дайындайды.

Қазір жүннен жасалған өнімдер сұранысқа ие, себебі экологиялық таза, еш зияны жоқ. Өңір тұрғындары өзіне немесе жақындарына заман өзгерсе де жылуын жоғалтпайтын, ешқашан сәннен қалмайтын, таза жүннен жасалған байпақты сыйға алып жүр. Осылайша, олар да отандық өнімге қолдау көрсетіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz