- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тайландтан пошта арқылы...
Тайландтан пошта арқылы есірткі жеткізілмек болған
Тайландтан халық тұтынатын тауарлары түріндегі почта сәлемдемелері арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА-ға сілтеме жасап.
ҚМА Астана қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру итінің көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық почта жөнелтімдерінен 3 қорап табылды, олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы (гашиш майы) табылды.
Жедел-тергеу шаралары барысында төрт күдікті анықталды, олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, онда салмағы 787 гр марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажетті басқа да заттар табылып, тәркіленді.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 4 күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина