- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тайланд вирусы". Мәдина...
"Тайланд вирусы". Мәдина Садуақасова ұлының сырқаттанып қалғанын айтты
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың ұлы Тайландтан демалыс сапарынан келгеннен кейін қатты сырқаттанып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қазір баласының жағдайы тәуірленіп, бір қалыпқа түскен.
"Қайдасыз?" деп іздеп жатқан жандарға. Бізде бәрі жақсы, аман-есен Тайландтан келдік. Әнуар келген бойда қатты ауырды. Қазір баланың беті бері қарап, тәуір болды. Аллаға шүкір! Іздеп, уайымдап жатқандарыңызға рақмет. Ертеңнен бастап байланысқа шығамын.
Ешқандай Тайландский вирус емес, олардың симптомы басқа. Дәрігердің диагнозы: вирустық инфекция, катаральды тонзиллит, ИМС. Қазір жағдайы жақсарды", - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда алқабилер соты қалай жұмыс жасайды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә