Таяу Шығыстан тағы 1,8 мыңға жуық қазақстандық елге оралды

8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 11 әуе рейсі келіп, 1 786 жолаушы ел оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары орындаған. Сондай-ақ, 8 наурызға қосымша бірнеше рейс жоспарланған. Оларды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.

Қанша қазақстандық елге оралды?

3 наурыздан бері жүргізіліп жатқан эвакуация операциясы басталғалы Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 әуе рейсі орындалды. Осы уақыт ішінде елге 6 254 адам оралған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз