4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары отырған ұшақтар ел әуежайларына қонды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындаған:
- KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
- KC2208 рейсі Медина - Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, бортта 145 адам болды;
- KC2206 рейсі Жидда - Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, бортта 174 адам болды;
- KC2204 рейсі Жидда - Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, бортта 179 адам болды.
- Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы - Маскат - Алматы бағыты бойынша рейс орындап жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
"Қазірге дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова