Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық азамат елге қайтарылды - СІМ

Эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық азамат елге қайтарылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтарып жатыр. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері отандастарымызбен тұрақты байланыста", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз