Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты Дубайға рейстер кешіктіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таяу Шығыстағы тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты КС 205/206 Астана-Дубай-Астана және Алматы-Дубай-Алматы KC897/898 рейстері кешіктірілуде. Ұшудың алдын ала уақыты бүгін 15.00-де күтіліп отыр.
Жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Air Astana компаниясының Дубай мен Жиддаға рейстері Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп орындалатын болады.
Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалайды және қажет болған жағдайда өзгерістер енгізетін болады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!