Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарға үндеу жолдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста.
"Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқаны туралы ақпарат түспеді. Күрделі әскери, саяси жағдайға байланысты және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында СІМ Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы референдумды учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", – дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Израильдегі елшілігі үндеу жасаған болатын.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!