Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарында қанша қазақстандық бар

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарында қанша қазақстандық бар
Фото: igasia.ru

СІМ ресми өкілі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарындағы қазақстандықтардың санын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты түрде негізделіп келеді. Осылайша, бүгінгі күнде Израильде консулдық есепте – 120, Иранда – 102, Ливанда – 132 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар", – деді ол. 

Сондай-ақ СІМ өкілі көптеген азаматтар консулдық есепте тұрмайтынын атап өтіп, оларға үндеу жасады.

"Көптеген азаматтар консулдық есепте тұрмайды. Осыған байланысты байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып осы елдегі барша Қазақстан азаматтарын консулдық есепке тұруға шақырамыз", – деді Айбек Смадияров. 

Еске салсақ, Иран 2024 жыл 1 қазан түнде Израильге қарсы ауқымды зымырандармен шабуыл жасады. Сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет