5 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 5 рейспен 851 жолаушы жеткізілген. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, жолаушыларды жеткізу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар бүгін де бірнеше рейс орындайды:
- Air Astana әуекомпаниясы Жидда - Ақтау - Алматы және Жидда - Атырау - Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.
- SCAT Airlines әуекомпаниясы Маскат - Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындайды.
- Air Arabia әуекомпаниясы Шаржа - Алматы бағыты бойынша рейс орындап жатыр. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
- Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға барлығы 12 рейс ұшып келген, нәтижесінде 2111 жолаушы елге оралды.
"Бүгінге жоспарланған рейстерді ескергенде, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4000 азамат жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова