Таяу Шығыстағы ахуал авиация саласына қалай әсер етті? Көлік министрі жауап берді

Қазақстандық әуе компаниялар төрт айда 4 миллионнан аса адам тасымалдаған. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде институционалдық база толық қалыптасқан. Бүгінде Қазақстан әуежайларының авиациялық қауіпсіздік деңгейі - 95,7 пайыз, ал әуе компанияларының қауіпсіздік деңгейі - 82 пайыз.

Былтыр қазақстандық әуе компаниялар 15 миллион жолаушы тасымалдаған, ал әуежайлар 32 миллион адамға қызмет көрсетіп, 173 мың тонна жүк өңдеген. Биылғы алғашқы 4 айда ішкі жолаушылар ағыны өзгеріссіз қалып, 4 миллион адамнан асқан. Алайда Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты жүк тасымалы бойынша көрсеткіш төмендеген. Бұл аптасына 80-ге жуық рейсті, яғни жалпы көлемнің 10 пайыздан астамын уақытша тоқтатуға әкеп соққан.

"Рейстердің қысқаруы халықаралық жолаушыларға, жүк тасымалына және әуежайлардың жұмысына тікелей әсер етті. Қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында Әуе апаттарын тергеу орталығы құрылды, авиациялық әкімшілікке халықаралық деңгейдегі сарапшылар тартылды. ICAO-мен бірлесіп 2050 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленіп жатыр, оны жыл соңына дейін қабылдаймыз", - деді министр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!