Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал күрт өршуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған сапарларын қайта қарауды ұсынды.
"Қазіргі жағдай мен ықтимал қауіпке жан-жақты баға беріліп, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстер тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне әкеп соқты", - деп жазылған хабарламада.
СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе, Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына мынадай сақтық шараларын ұстануға кеңес берді:
1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі: +97450649955, +97470910579, kazconsul.doha@gmail.com doha@mfa.kz
2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.): +97124498778, +971503629805, abudhabi@mfa.kz
3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы: +971556103341, +971505701978, dubai@mfa.kz
4. ҚР Сыртқы істер министрлігі: +7 (7172) 72 05 00
"Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз