Таяу Шығыс 10 мыңнан аса қазақстандық елге оралды

Таяу Шығыс 10 мыңнан аса қазақстандық елге оралды
Фото: depositphotos.com

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады. Жалпы алғанда, елге 10 275 қазақстандық қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, соның ішінде жерүсті және әуе жолдары арқылы жүргізілді.

Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен жұмысты үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, азаматтарға қажет көмек көрсетті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget