Telegram-арналарда өзін фермер деп таныстырған ер адамдар ашаршылық болуы үшін тауықтарды әдейі улап жатыр деген видео тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Мұндай хабарламалар бүгінде АҚШ тұрғындары тап болған тауық жұмыртқасының тапшылығы туралы жаңалықтарға негізделген. Дүкен сөрелерінде жұмыртқаның болмауына әлемнің бірнеше елінде құс тұмауының өршуі себеп.
АҚШ-та вирустан кейінгі айларда ондаған миллион үй құсы қырылған. Олардың кейбіреулерін фермерлер инфекцияның таралуын болдырмау үшін өздері өлтіреді.
Құстарды әдейі улайды деп санауға негіз жоқ. Сонымен қатар, мұндай гипотеза қисынсыз, өйткені құстар тек АҚШ-та ғана емес, басқа елдерде де қырылып жатыр. Олардың тұмаудан өлгені зертханалық сынақтармен расталды.
Айта кетейік, таралған хабарламада автор дүниежүзілік ашаршылық ұйымдастырмақ болған "глобалистер" туралы жазған. Бұл термин жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясында қолданылады. Бұл теорияның негізгі идеяларының бірі - белгілі бір құпия әлемдік үкімет әлемде ашаршылық болуы үшін бәрін жасамақ. Бұған дейін бұл идеяны жақтаушылар әлемде әдейі малды өлтіреді, ормандар мен егістіктерді өртейді деп жазған, тіпті алдағы жылдары қанша адам аштықтан көз жұматынын да болжауға тырысқан. Біз мұның бәрі дәлелсіз мәлімдемелер және жалған деп жазған болатынбыз.
Демек, тауықтарды улау туралы таралған хабарлама дәлелсіз. Мәтінде конспирологияның белгілері бар. Яғни, бұл ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!