- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тауық етіне жасырған:...
Тауық етіне жасырған: Павлодарда ер адам тергеу изоляторына тыйым салынған зат өткізбек болған
Павлодардағы тергеу изоляторына ер адам тауық етіне екі телефон мен үш интернет-роутер жасырып, өткізбек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №63 мекемесінде сәлемдемелерді қабылдау кезінде рентген қондырғысын қолдану арқылы пайдалануға тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді. Екі телефон, үш роутер, сондай-ақ, сим-карталарды 44 жастағы павлодарлық үш гриль тауықтың ішіне жасырған.
"Сәлемдеме денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталғанға арналған. Тыйым салынған заттар салынған сәлемдемені сотталғанның танысы әкелген. Рентген қондырғысының арқасында сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді", - дейді №63 мекеме бастығы Берік Рахимов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова