Air Astana Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты "Эйр Астана" компаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстер сол аумақты айналып жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шарасын қабылдап жатқанын да мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!