Таулы Қарабақтағы жағдай: қазақстандық әуе компания сол аумақты айналып ұшады

Таулы Қарабақтағы жағдай: қазақстандық әуе компания сол аумақты айналып ұшады
Фото: Tengrinews.kz

Air Astana Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Таулы Қарабақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты "Эйр Астана" компаниялары тобының Түркияға, Еуропаға және Израильге рейстер сол аумақты айналып жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жағдайды жіті қадағалап, ұшу қауіпсіздігінің барлық шарасын қабылдап жатқанын да мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан