- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таулы аймақтарда 20,...
Таулы аймақтарда 20, қалада 15 сантиметр: Алматыда қалың қар жауды
Алматыда қалың қар жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 9 ақпанда сағат 21:00 шамасында Алматыда қар жауа бастады, ол 10 ақпанда таңғы сағат 04:30-да аяқталды.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2380 тонна пайдаланылды.
Түнгі сағат 1:00-ден кейін қарды сыпыру жұмыстары жүргізілді. Қалада 15 сантиметр қар жауды, таулы жерлерде қар 20 сантиметр болды.
Түнгі сағат 3:00-ден бастап жол полициясының патруль машиналарының ілесіп жүруімен қарды күреу бойынша 19 баған ұйымдастырылды. Қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6:00-да 390 метр куб қар шығарылды.
"Тротуарларды, жалпыға ортақ қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Түнде 462 арнайы техника мен 339 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Сағат 8:00-ден бастап 524 бірлік және 1115 жол жұмысшысы санында техника шығару жоспарланған. Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 10 ақпанда күндіз ауа температурасы -1...-3 градус аяз болады, жауын-шашын болмайды, кешке қарай аз көлемде қар жаууы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек