Тәулігіне 200 банка: түлкібастық кәсіпкер көкөніс жауып, мол табыс тауып отыр

Тәулігіне 200 банка: түлкібастық кәсіпкер көкөніс жауып, мол табыс тауып отыр
Фото: автордан

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервіленген өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкердің айтуынша, ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің барлық түрін консервілейді. Өндіріс орнында тәтті тосаптар жасалып, қияр тұздалады.

Қажет көкөністер өз бақшасынан алынады және дайын болған өнімдер облыстың басқа аудандары мен қалаларына жөнелтіледі екен.

Суреттер: автордан

Қатира Алдабергенова алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауларға жүгініп, кәсібін ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ, ол жоспары іске асқан жағдайда қосымша тағы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауыл халқының әлеуетін арттыруға өз үлесін қоспақ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz