- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тауешкі лақтарымен фотоқақпанға...
Тауешкі лақтарымен фотоқақпанға түсіп қалды
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тауешкі лақтарымен фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында маусым-шілде айларында тау деңгейінен 3000 метр биікте орнатылған фотоқақпанға тауешкі лақтарымен түсіп, мониторингтік бақылау жүргізілген.
Таутеке – (Capra sibirica Pallas, 1766) мекен-жайы атына сай таулы-тасты жерлермен байланысты. Олар көбнесе теңіз деңгейінен 600-4000 метр биікте кездеседі. Жылма-жыл қардың түсуіне, ыстыққа, түрлі қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жоғары, бірде төмен түсіп, қоныстарын ауыстырып отырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олар мекендеген жерлеріне байланысты қазан-желтоқсан айларында күйге түсіп, алты ай буаз мерзімінен соң сәуір айының аяғы мен маусымның басында төл өргізеді. Көбінесе жылқы, кейде егіз лақтар да болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина