Ақтөбеде көліктік-логистикалық орталықтың ашылуы өтті - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Ақтөбе облысы Орталық Азияның ірі транзиттік тораптарының бірі болып табылады. КЛО ашылуы өңір экономикасының барлық салалары үшін өзекті болып табылады және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің көліктік-логистикалық жүйесіне қызмет көрсетудің жалпы тізбегіне кіргізілді. Аумағы 15 мың шаршы метр болатын көліктік-логистикалық орталық Ақтөбе қаласында орналасқан және барлық қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Кәсіпорында орташа еңбекақысы 100 мың болатын 250 жұмыс орын ашылды, - деді облыс әкімі маңызды жобаны жүзеге асырған компания басшылығына алғысын білдіре отыра.
Көліктік-логистикалық орталықтың басты артықшылығы оның әсіресе жаһандану жағдайында маңызы артқан қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымен байланыстырылады. Нысанда тауарды тиеп, түсіретін темір жол торабы бар. КЛО жылына 70 583 тоннаға дейін жүкті қабылдап, өңдемек.
«Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында «Бектұрова Ж.А» жеке кәсіпкерлігіне орталық құрылысы үшін пайыздық мөлшерлеме мен субсидиялау түрінде 550 млн. теңге және құрал-жабдықтар сатып алуға 2070 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Ақтөбеде аумағы 16 000 шаршы метрді құрайтын «Шебер» гипермаркеті ашылды. Аталған жобаны қаржыландыруға 2,5 млрд. теңге бөлініп, 260 жұмыс орны ашылған. Жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қолдау аясында құны 630 млн. теңге болатын құрал-жабдықтарды сатып алып, айналымдағы қаржыны толтыру үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жағдайлар жасалды.
- Еліміздің Тәуелсіздігі қңында осындай ірі нысандардың ашылуы – еліміздің, атап айтқанда өңіріміздің экономикасының дамуының белгісі. Гипермаркетте 50 мыңнан астам тауар түрлері қойылған. Облыстың дамуына сүбелі үлестерін қосқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі.
Гипермаркетте тақтайша, жарықтандыру, тұсқағаз, санитарлық-техникалық бұйымдар, еден жабындылары, аспаптар, есіктер, құрылыс материалдары және т.б. сатылады. Ұсынылған ассортименттің әртүрлілігі халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.