Тәуелсіздік күнінде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 14, 15, 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді.

14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кейде нөсер жауады деп болжанады.

16 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қар жаууы мүмкін. Республика бойынша көктайғақ, тұман түсіп, жел күшейіп, боран күтіледі.

"Еліміздің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!