- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тәуелсіздік күні ауа...
Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, солтүстігі мен шығысында 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13, солтүстігінде 5, күндіз 3-8 градус аяз болады.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан түнде екпіні секундына 3-8, күндіз 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 6-8 градус аяз болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 7-12 метр жел соғады, күндіз секундына 15 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз болады.
Алматы облысында жауын-шашын болмайды. Түнде, таңертең облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 13 градус аяз, күндіз 1 градус аяз, 4 градус жылы, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 5 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Секундына 0-5 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6, солтүстігінде 9 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, солтүстігінде 0 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5, солтүстігінде 8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы болады.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр, түнде облыстың шығысында секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5, шығысында 8 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы болады.
Атырауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен орталығында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. 16 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. 17-18 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда секундына 15-20 метр соғады жел. Таразда тұман түседі.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-9 градус, облыстың шығысында 12 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, 2 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 6 градус аяз болады.
Қостанай облысының солтүстігінде аздап қар жауып, боран соғады. Оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр, солтүстігінде секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, облыстың оңтүстігінде 13 градус, күндіз 0-5 градус, облыстың оңтүстігінде 8 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 4-9 градус аяз болады.
Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, шығыста, облыс орталығында 18, облыстың оңтүстігінде 7 градус аяз, күндіз 5-10 градус, оңтүстігінде 2 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде - қар, боран, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9-14 метр, батысында секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, солтүстік-шығысында 20-25, күндіз 8-13, солтүстігінде 3 градус аяз болады.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-12 градус, оңтүстігінде 4 градус аяз, күндіз 1 градус аяз - 4 градус жылы болады.
16 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Н. Үсенова