- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отшашу
Тәуелсіздік күні: Алматыда отшашу бола ма?
"Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу бола ма?" Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанда 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнінде республика бойынша мерекелік шаралар өтеді. Алматы тұрғындары мен қонақтарын "Биыл отшашу бола ма?" деген сұрақ қызықтырады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.
"Алматыда Тәуелсіздік күніне орай отшашу жоспарланып отырған жоқ", - деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін Астанада да отшашу болмайтыны айтылған еді.
Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі елімізде 16 желтоқсанда, дүйсенбіде атап өтіледі.
Осылайша, қазақстандықтар желтоқсанда Тәуелсіздік күніне - 2024 жылы 16 желтоқсанға қосымша демалады, демек:
- бес күндік жұмыс аптасында - 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
- алты күндік жұмыс аптасында - 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан