“Тәуелсіздік жылдарындағы ең төмен көрсеткіш“. Қазақстанда ана мен бала өлімі азайған

“Тәуелсіздік жылдарындағы ең төмен көрсеткіш“. Қазақстанда ана мен бала өлімі азайған
Фото: depositphotos.com

Бүгін Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.

"Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар. Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Кейінгі үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төмен көрсеткіш. Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget