- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Тәуелсіз тудың астында»...
«Тәуелсіз тудың астында» атты тарихи-құжаттық көрме ашылды
2016 жылы 25 қарашада Сыртқы істер министрлігінде «Тәуелсіз тудың астында» атты тарихи-құжаттық көрме ашылды және Қазақстанның бітімгерлік бастамалары мен 28 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, болашағы» халықаралық конференцияға арналған брифинг өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Президентінің Мұрағатымен бірге ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерінің құжаттық хроникасын көрсететін 326 бірегей экспонат ұсынылды және олар «Егемендік. Алғашқы қадамдар», «Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздері», «Қазақстан және БҰҰ», «Сыртқы саяси ынтымақтастық» және «Сыртқы экономикалық дипломатия» атты бес бөлімге бөлінген.
Іс-шараға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Борис Жапаров, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман, дипломаттар, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Р. Василенко көрменің ашылуы барысында сөйлеген сөзінде ұсынылған құжаттардың тарихи маңызы, Қазақстанның халықаралық аренадағы практикалық қадамдары және еліміздің негізгі бітімгерлік бастамалары туралы айтты. Ол Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде көпжақты ынтымақтастық, әлем бойынша берік бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қағидаттарын ұстанатынын көрсеткенін атап өтті. «Қазақстан шынымен әлемнің жауапты және сыйлы азаматы болды, бұл өз бейнесін бүгінгі көрмеде тапты», - деді Р. Василенко.
Сыртқы істер министрінің орынбасары тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде Қазақстан алушы елден донор елге айналып, бітімгерлік бастамалары мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық абыройы арқасында үстіңгі жылдың шілде айында Қазақстан БҰҰ-ның ең маңызды саяси органы, яғни Қауіпсіздік Кеңестің құрамына сайланды. «Мемлекет басшысының «Әлем. XXI ғасыр» Манифесінің негізгі идеяларын іске асыру, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі БҰҰ-ның әлеуетін күшейту, Ауғанстанның одан әрі тұрақтануы біздің басты назарамызда болады. Қазақстан өз жұмысында Қауіпсіздік Кеңестің басқа мүшелерімен іс-қимыл жасай отырып, халықаралық қауымдастықтың оған жүктеген жоғары сенімін ақтайтынына сенімдіміз», - деп қосты Р. Василенко.
Б. Жапаров көрменің тұжырымдамасы және ұсынылған құжаттар туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, ол «тәуелсіздікті алуымыз жас мемлекетіміздің экономикасын басынан көтеруге, демократиясын дамытуға және әлеуметтік қоғамды құруға қажеттілікті тудырды және оларды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тамаша орындап, Орталық Азия өңірінде анық көшбасшы атанғанын» атап өтті.
М. Ерман өз сөзінде осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атады және «қоғамды көрнекті материалдар арқылы ақпараттандыру жағымды танымдық-тәрбиелік нәтиже беретінін» баса айтты. Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ұйымдастырушылары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Парламенті Мәжілісі болып табылатын алдағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі: нәтижелер, жетістіктер, болашағы» халықаралық конференция туралы айтты. Алдағы конференцияға Ресей, Германия, АҚШ, ТМД және Латын Америкасы және тағы басқа елдердің парламенттерінің өкілдері мен жетекші сарапшылары қатысады. Ол алдағы Конференция барысында Швеция және АҚШ ғалымдары жақын арада Қазақстанның даму келешегін ашатын «Қазақстан 2041: келесі 25 жылға арналған сценарий» атты баяндамасын ұсынатынына назар аударды.
Сонымен бірге, іс-шараға қатысушылар Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі негізгі халықаралық бастамаларының, оның ішінде Семей ядролық сынақ полигонын жабудың, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құрудың, АТОМ жобасының, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің және т.б өтуінің маңыздылығына назар аударды.
Бұл көрме ҚР СІМ мен Президент Мұрағатының Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұйымдастырған үш іс-шараның қорытынды іс-шарасы болды. 2016 ж. наурыз айында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың 24-жылдығына, ал тамызда Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған мұрағаттық материалдар ұсынылды.
T. Кіршібаев