Тәуекел Мүсілім түрлі депрессия мен стресстен арылудың жолын айтты

Тәуекел Мүсілім түрлі депрессия мен стресстен арылудың жолын айтты
Фото: instagram.com/mussilim/

Танымал актер Тәуекел Мүсілім түрлі депрессия мен стресстен арылудың жолын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Түрлі депрессия мен стресстен арылатын жерге келдік", - деген актер табиғат аясында шатыр құрып, демалып жатқанын көрсетті. 

Тәуекел табиғат аясына жалғыз келмеген екен.

"Бүгін осы жерде қонамыз. Солай ма, Айтөре?", - деген ол кішкентай ұлымен бірге жүргенін көрсетті және табиғат аясында жігіттер боп жиналғандарын айтты.

Өзінің әлеуметтік желісіне жариялаған видеосынан Тәуекел Мүсілімнің өнердегі достарымен бірге табиғат аясында дастархан жайып,от пісіріп, кәуап пісіріп, шатыр құрып жатқанын көруге болады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева