Танымал актер Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желідегі парақшасында халықтың мәдениетіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзі тұрып жатқан тұрғын үй кешенінің тұрғындарына үндеу жасады.
"Шаңсорғышты тазалау үшін сыртқа шыққан едім. Қоқыс тастайтын жердің сыйқы мынау. Адамдар неге сонша мәдениетсіздік танытады? Мына жерге жақындау мүмкін емес. Арғы жағында бос тұрған қоқыс жәшіктері әлі де толмаған. Соған қарамастан, тұрғындар қоқыстарын жерге тастай салған. Иә, білемін, мұны тазартып жинайтын кісілер болады. Алайда солай екен деп шаша бермеуіміз керек қой", – деп жазды ол.
Актер осындай үндеу жасап жатқанда тағы бір тұрғын қоқыс әкеліп лақтырғанын айтты.
"Айтқанымша болған жоқ, тағы бір кісі қоқысын лақтыра салды. Өзі әйел кісі. Ұят қой", – деді актер.
Айта кетейік, соңғы кезде Тәуекел Мүсілім қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты пікір білдіріп жүр. Мысалы, жақында елдегі әскердің жағдайы туралы айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!