- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Таудан табылды: Жетісу...
Таудан табылды: Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасаған адам туралы күтпеген деректер айтылды
Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысының Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Күдікті Сарқан ауданындағы тауларда Тополевка ауылынан 10 шақырым жерде ұсталған. Бүгінде 38 жастағы күдікті аудандық полицияға жеткізілді.
Ұсталған адам 7 қарашада 14 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Қашып кеткен күдіктіні полицейлер екі күн бойы іздеген.
Ол үшін таулы және дала жерлерін зерттеуді жүзеге асыратын бірнеше іздеу тобы құрылды. Іздеушіге бағдарлау әлеуметтік желілерде орналастырылды және өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді. Іздеу іс-шараларына полицейлер арнайы техниканы да жұмылдырды.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-1 бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасаған ер адамға іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина