Өзбекстанда Қашқадария облысындағы Тахтақарача асуында қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Podrobno.uz сайтының хабарлауынша, Cobalt көлігінің үстіне үлкен тас құлап, көлік пен оның жолаушыларын басып қалды. Оқиға 6 қараша күні сағат 16:00 шамасында болған.
Көлік Китаб-Самарқанд бағытымен келе жатқанда кенеттен таудан құлаған үлкен тас көлікті басып қалған. Китаб ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғада қаза тапқандардың аты-жөні әлі анықталып жатқанын айтты.
Әлеуметтік желілерде тараған хабарларға қарағанда көліктің жолаушылары арасында венгриялық үш азамат пен Өзбекстаннан келген жүргізуші болған.
Қазір оқиға орнында мамандар тобы жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін асу бойындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!